«Мың гол соғамын»: атақты Роналду өз арманын айтты (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

Оның сөзінен кейін зал ду қол шапалақ соққан

Фото: cristiano/instagram

40 жастағы португалиялық футболшы Криштиану Роналду Таяу Шығыста қатарынан үшінші рет жылдың үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Менің мақсатым қандай екенін білесіздер. Мүмкіндігінше көп трофей ұтып, бәріңізге белгілі көрсеткішке жеткім келеді. Міндетті түрде жетемін… егер жарақат болмаса. Жаңа жыл құтты болсын!» - деді Роналду.