Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына ие болды

Автор: Аягөз Құрмаш

Қазір қақпашы 22 жаста 

Фото:https://www.instagram.com/p/DSDqCG2gJ93/?hl=ru

Ол гректің «Олимпиакосына» қарсы матчта жеңілгеніне қарамастан, үздік ойыншы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

9 желтоқсанда Астанада өткен ойында қазақстандық қақпашы сегіз қауіпті соққыны қайтарып, командасын ірі есеппен жеңілістен сақтап қалды.

«Олимпиакос» биылғы Чемпиондар лигасы маусымындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, «Қайрат» турнирдегі бесінші жеңілісін тіркеді.

«Еңбегі еленді», - деп жазды «Қайрат футбол командасы ресми парақшасында .

Темірлан Анарбеков алматылық футбол клубында көзге түсіп, ұлттық құрамаға шақыртылған болатын.