$ 508.2  589.82  6.54
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 08:01
Спорт

Жәнібек Әлімханұлы өзінің жекпе-жегі қарсаңында «ставка» тігетіндерге үндеу жасады

Боксшы жастарды өзінің жекпе-жегіне бәс тікпеуге шақырды

Жәнібек Әлімханұлы өзінің жекпе-жегі қарсаңында «ставка» тігетіндерге үндеу жасады
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі қарсаңында отандастарына үндеу жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Боксшы көпшілікті құмар ойындарға әуестенбеуге, бәс тігуден аулақ болуға шақырды. «Ставка» қаншама отбасын ойрандап, берекесін қашырып жатқанын атап өтті.

«Маған әр қазақ қымбат! Ешқайсының шаңырағы шайқалмаса екен деймін! Жастарды құмар ойын ойнамауға, менің жекпе-жегіме «ставка» тікпеуге шақырамын!», – деп жазды Әлімханұлы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсанда Сан-Антониода (АҚШ) WBA титулының иегері кубалық Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасады. Жеңгені WBO, IBF және WBA чемпиондық белбеулерін еліне алып кетеді.

 Бокс кеші PBC Prime Video ақылы көру (PPV) бағдарламасына енгізілген.

Серіктес жаңалықтары