Өзбекстан әлем чемпионатына қатысатын боксшыларының толық тізімін жариялады
Өзбекстан әлем чемпионатына атақты боксшыларын апара жатыр
Өзбекстан бокс федерациясы 2025 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастыратын әлем чемпионатына қатысатын толық құрамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 1bol.kz сайтына сілтеме жасап.
Өзбекстан құрамасының құрамы:
- 48 кг: Шодиёржон Меликузиев
- 51 кг: Хасанбой Дусматов
- 54 кг: Асилбек Жалилов
- 57 кг: Худжаназар Нортожиев
- 60 кг: Абдумалик Халоков
- 63,5 кг: Саят Ілиясов
- 67 кг: Асадхуджа Муйдинхуджаев
- 71 кг: Шавкатжон Болтаев
- 75 кг: Фазлиддин Эркинбоев
- 80 кг: Жавохир Умматалиев
- 86 кг: Акмалжон Исроилов
- 92 кг: Турабек Хабибуллаев
- +92 кг: Арман Маханов
Ұлттық құрама сапында бірқатар атақты былғары қолғап шебері бар: екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов, Олимпиада чемпиондары Абдумалик Халоков және Асадхуджа Муйдинходжаев, World Boxing әлем чемпиондары Жавохир Умматалиев пен Турарбек Хабибуллаев.
IBA әлем чемпионаты 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтеді. Ал біріншіліктің жалпы жүлде қоры - 8,3 миллион доллар, бұл тарихи рекорд.
Бұған дейін аламанға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы да ресми түрде хабарланған.