$ 512.53  592.43  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық конькиші Әлем кубогында екі алтын алды

Ол 1000 және 3000 метр қашықтықтарда топ жарды

Қазақстандық конькиші Әлем кубогында екі алтын алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық конькимен жүгіруші Кристина Шумекова Миланда өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жеңімпаз атанды. Ол 1000 және 3000 метр қашықтықтарда топ жарды. Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. .

Шумекованың жетістігі

Кристина Шумекова қос қашықтықта да өзінің мықтылығын дәлелдеді:

1000 метр қашықтықта Шумекова жапониялық Аяно Секигучи мен Польша өкілі Ханна Мазурды артқа тастады.

3000 метрлік жарыста да қазақстандық спортшы үздік болып, Нидерландыдан келген Лике Хейзинк пен қытайлық спортшы Цзяминь Цзяннан озып кетті.

Тағы бір медаль

Сонымен қатар, нео-сеньорлар арасындағы жарыстарда Дарья Важенина 1000 метр қашықтықта Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

Серіктес жаңалықтары