Мұны облыстық прокуратура анықтап отыр
Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданының шенеуніктері әйелдеріне тиесілі шаруа қожалықтарға жер телімін алып берген, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
«Ресми таратылған деректерге сенсек заңсыздыққа жол берген шенеуніктер арасында: Аудан әкімінің орынбасары және жер қатынастары бөлімінің басшысы бар. Олар, қызметіне лайық емес деп танылып, сөгіс алды. Әйелдеріне жер таратқан атқамінерлер жер комиссиясы құрамында болыпты», - делінген арна таратқан хабарда.
Әкім орынбасары осылайша 2400 гектар жерді иеленген. Шенеуніктер былығы дәлелденгенімен жер телімдері мемлекет меншігіне әлі қайтарылмады.