Болат Назарбаевтың әйелі қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Марқұм Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленді

Фото ашық дереккөзден

Елбасының туған інісі Болат Назарбаевтың әйелі Гүлжан Назарбаева қайтыс болды. Суыт хабарды Sputnik тілшісіне Айша қоғамдық қорының директоры Айша Оразбай растады. 

«Гүлжан кеше қайтыс болды. Бүгін жерледі. Ол кісінің бұрыннан жүрегі ауырады екен, содан қайтыс болды, басқа ауру емес», - деді Айша Оразбай. 

Оның айтуынша, Елбасының келіні Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленген. 

«Шұбаратқа жерледі. Ол жерде Тұңғыш Президенттің әке-шешесі жатыр. Бірақ карантинге байланысты ешкімді кіргізбеді», - деді ол.