Олар жол апатынан қаза тапқандарды еске алды
Бүгін Дүниежүзілік жол апатынан қаза тапқандарды еске алу күні. Семейдің полиция департаменті жол апаттарының алдын алу үшін қалада акция өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Есіңде сақта және ойлан» тақырыбын қамтыған акция аясында патруль көліктері, өрт сөндіру көлектері мен жедел жәрдем көліктері колонна болып жүріп өткен. Бұлардың арасында әрине үстіне жол апатынан кейін түгі қалмаған көлікті тиеп алған эвакуатор жүргізушілерге ерекше ой тастады.
Бұдан бөлек, қала азаматтары полицияның бастамасын қолдап, көліктерінен түсіп, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Оларға автобус жолаушылары мен жаяу адамдар да қосылған.
Айта кетейік, ішкі істер министрлігінің мәліметінше 1992 жылдан бастап 2025 жылдың осы айына дейін Қазақстанда 93 мың адам жол апатынан мерт болған. Бұл Ақтөбе облысын тұтастай алғандағы халық саны.
Бірнеше күн бұрын ғана брифинг өткізген ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов Қазақстанда адам өліміне әкеп соғатын жол апатының негізгі үш себебін атады.
«Егер адамдар қарапайым ғана белдік тақса, жолға жауапкершілікпен қараса, қаза тапқан адамдардың жартысы тірі қалар еді. Апаттардың негізгі себебі – жылдамдықты асырғандар, қарсы бетке шыққандар мен рульге мас күйде отырғандар», - деді ол.