Коронавирустан қайтыс болғандарды кез келген молаға жерлеуге болады – Алексей Цой

Автор: Azattyq Rýhy

Бастысы, санитарлық талаптар сақталуы керек

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлеу тәртібі өзгерді. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

«Марқұмдарды жерлеу мәселесі маңызды болып отыр. Қазір бұл туралы тәртіпке өзгерістер енгізілді. Бұдан былай коронавирустан қайтыс болғандарды кез келген молаға жерлеуге болады, бастысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет», - деді министр.

Оның айтуынша, елімізде коронавирустың таралу қарқыны артқан. 30 маусымдағы жағдай бойынша ауру жұқтырған 40 мыңға жуық адам тіркелген, қайтыс болғандары да бар. Медициналық мекемелердің барлығы күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.