Жаңа министр коронавируспен әлі бірнеше жыл күресуіміз мүмкін екенін айтып отыр
Жаңа тағайындалған Денсаулық сақтау министрі Алейксей Цой Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты коронавируспен күресудің жоспарымен таныстырды. 29 маусымда аталған мәселеге қатысты Ақордада жиын өткен болатын.
Министрдің пікірінше, Үкіметтің көктемде қолға алған шаралары вирустың жаппай таралуының алдын алған.
«Қазақстанда коронавирустан болатын өлім-жітім көрсеткіші өзге елдермен салыстырғанда жоғары екенін атап өту керек. Дегенмен, халық аурудан сақтанудың жолдарын, қауіпсіздік шараларын сақтауды үйрене бастады. Ал, карантин шараларын әлсіреткенде вирустың тарауы ірі қалаларда мемлекетішілік сипатқа көшті», - деді министр Ақордада өткен жиында.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясымен күресудің әдіс-тәсілдері жиі өзгере бергендіктен, халықтың билікке деген сенімі жоғалған. Ал, халықтың дәрі-дәрмекті жаппай сатып алуынан дәріханаларда дефицит пайда болып, шын мұқтаждарға жетпей қалып жатыр.
Министрдің пікірінше, қазір коронавируспен күресудің жаңа әдістерін ойлап табу қажеттілігі туындаған.
«Министрлік тұрғындар бетпе-бет келіп жатқан проблемаларды талдап, медициналық қызметке сұраныстың күрт артқанын көріп отыр. Медициналық көмек көрсетуде жұқтыру қаупінің жоғары болуы алғашқы медициналық-санитарлық көмектің, жедел-жәрдем бригадаларының, төсек-орынның, дәрі-дәрмектің тапшылығына әкелді. Пандемия мерзімінің белгісіздігі, нақты ем-домның болмауы, ертеңге деген сенімнің болмауы – халықтың ғана емес, медицина мамандарының да үрейін туғызып отыр. Сондықтан, халықпен ашық диалог жасап, коронавирустың алдағы бірнеше жыл жалғасатынын түсіндіруіміз керек», - деді А. Цой.
Жаңа министр COVID-19 вирусымен күресудің 10 жаңа әдісін ұсынды:
Айта кетейік, Алексей Цой сондай-ақ, еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың 3 түрлі сценарий бойынша дамуы мүмкін екенін де жеткізді.