30 жастағы күдікті қамалған
Қарағандыда 700 мың АҚШ долларын бопсалау фактісі бойынша күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі істің мән-жайын түсіндірген.
«Қарағанды қаласының тұрғыны, 47 жастағы әйел, өңірдегі ірі сауда желілерінің бірінің негізін қалаушы полицияға келіп арызданған. Оған белгісіз тұлғалар қысым көрсеткен. Өзіне және отбасы мүшелерін қорқытып, 700 000 АҚШ долларын талап еткен», - деп хабарлайды полиция департаменті.
Полиция қылмыстық іс қозғалып, іздеу басталған.
«Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полицейлер 30 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлайды облыстың полиция департаменті.