Алматыда тігін цехы аяқ киім өндірісінің мамандарын дайындайды

Автор: Azattyq Rýhy

 Кәсіпорын цехтарында 400-ден астам адам жұмыс істейді

Алматыда тігін цехы аяқ киім өндірісінің мамандарын дайындайды деп хабалайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігі.

«Кәсіпорын іске қосылған кезде маман тапшылығы болған еді. Қазір «Қазлегпром-Алматы» өз қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қызметкерлерді даярлауға баса назар аударады.  Фабрика жанында «Шебер»  оқу орталығы жұмыс істейді, оның базасында үш айлық курстар барысында тігін және аяқ киім өндірісінің мамандарын дайындайды. Фабрикада кәсіптік колледждер мен лицейлердің студенттері, сондай-ақ «Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қайта даярлаудан өтуге ниет білдірген басқа да мамандықтардың өкілдері тәжірибеден өтеді», - делінген хабарламада.

Аяқ-киім өндірісі жылына 500 000 жұп аяқ киім өндіру жобасымен фабриканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда. Бұл бөлімде аяқ-киім жобалау, кесу, даярлау, табандау, қалыпқа келтіру, өкшесін жасау цехтары жұмыс істейді. Өндіру кезінде термотұрақты, су өткізбейтін, ауа өткізетін астарлар қолданылады.