Жігер, Назар, Қадыр: Астанадағы геологтың отбасында үшем дүниеге келді

Автор: Бақыт Шынар

Жарас Ысқақов пен жары көпбалалы отбасы атанған

Фото: Kazakhmys Barlau

Астанада үшем дүниеге келді. Геолог Жарас Ысқақовтың отбасындағы қуанышты жағдай туралы Kazakhmys Barlau компаниясы жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жас отбасы үшеміне Жігер, Назар және Қадыр деген есім берген. Бұған дейін 3 жасар қыз тәрбиелеп отырған олар көпбалалы отбасы атанған.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының Шалқар қаласында үшем дүниеге келгенін жазған едік.

Тегтер: