Қазақстандықтар коммерциялық базалардан өздерінің жеке деректерін өшіре алады

Автор: Нұргүл Абай

Жаңа Цифрлық кодексте осындай норма қарастырылған

Фото: freepik.com

Қазақстан азаматтарына жеке деректерін өз өтінішімен өшіру мүмкіндігі беріледі. Цифрлық кодекс жобасына «ұмыту құқығы» ұғымы енгізіліп отыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева жеке деректер кімдер және қандай жағдайда өшіре алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутаттың айтуынша, Кодекс жобасында интернеттегі деректер ғана емес, ұйымдардың деректер базасында сақталатын ақпарат та қарастырылып отыр.

«Жеке деректерді қорғаудағы басты проблема — біз қажетсіз ақпаратты жинаймыз. Мысалы, дүкенге барған кезде сізге дисконттық карта беріледі, сіз жеке деректеріңізді толтырасыз: аты-жөніңіз, мекенжай, телефон. Бұл ақпарат не үшін қажет? Сізбен байланысу үшін жеке деректеріңіз қажет емес», - дейді Смышляева Мәжіліс кулуарында.

Оның айтуынша, , өзгертістердің негізгі мақсаты — сақталатын жеке деректер көлемін азайту. Кодексте бұл үшін базалық құралдар қарастырылған: деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алу, өшіруді және аноним етуді талап ету.

Смышляева жеке деректерді жою үшін азамат өзі өтініш білдіреді, бірақ бұл жерде кейбір шектеулер бар.

«Егер заң бойынша деректерді жинаған мекеме оны сақтауға міндетті болса, ол тек деректерге  қолжетімділікті шектей алады. Мысалы, тергеу немесе сот процесі кезінде әрекеттер болса, деректер өшірілмейді», — деп түсіндірді Мәжіліс депутаты.

Сонымен қатар, егер ақпарат қоғам үшін маңызды немесе танымал тұлғаларға қатысты болса, оны да өшіру мүмкін емес.

Смышляева «ұмыту құқығы» ең алдымен қарапайым азаматтарға қатысты екенін атап өтті. Яғни олар өз өтінішімен әртүрлі коммерциялық базалардан жеке деректерін өшіре алады.