«Ақшасының көбін тамаққа жұмсайды»: Қазақстанға келетін туристер туралы қызық дерек тарады

Автор: Бақыт Шынар

«Kazakh Tourism» статистика жариялаған 

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы Қазақстанға келетін шетелдік туристердің негізгі шығындарына қатысты статистика таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, туристер ақшасының көбін (27%) Қазақстанның мейрамханалары мен дәмханаларында тамақ ішуге жұмсайды екен. 

Сондай-ақ, туристер қаражатының 23% қонақ үй мен жатын орындар үшін төлейді. 

«Тағы 23% шығын азық-түлік, кәдесый мен ұлттық өндірістің бұйымдары тәрізді тұтыну тауарларын сатып алуға кетеді. Қазақстанға ұшып келу үшін шетелдік туристердің негізгі бюджетінің 12% кетеді. Қазақстанның ішін аралауға саяхатқа алып келшен ақшаларының  4% жұмсайды», - деп хабарлайды компания. 

Сондай-ақ, орта есеппен 3% шығын зергерлік әшекейлер, өнер туындылары және антиквариат тәрізді құнды бұйымдар сатып алуға кететін көрінеді.