Павлодар облысының барлық стационарларында 2188 адам жатыр
Өткен тәулікте Павлодар облысында 263 пациент ауруханаға жатқызылып, 135 пациент жазылып шықты. Бұл туралы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«28 маусым, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Павлодар облысының барлық стационарларында 2188 адам жатыр. Оның ішінде 1412 - пневмониямен, 159 - ЖРВИ-мен түскен. Өткен сенбіде амбулаторлық емдеуге 823 науқас алынды, 158 адам шығарылды. Жалпы, амбулаториялық емдеуде жəне емханалардың бақылауында 3365 адам бар», - деді басқарма өкілдері.
Бүгіннен бастап Павлодар темір жол ауруханасында 100 провизорлық орын ашылды. Осылайша, өңірде провизорлық төсек-орын саны 1852-ге дейін өсті.