Ораза мен Құрбан айт күндері белгілі болды

Автор: Нұргүл Абай

2026 жылдың діни күндер кестесі бекітілді

Фото: istockphoto.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кестеге сәйкес, қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады, ал 16 наурыздан 17 наурызға қараған түні Қадір түні болады.

Ораза айт 20 наурызға, ал Құрбан айттың бірінші күні 27 мамырға келіп тұр.

Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертті.