Пандемия кезінде вирус тестпен емес, клиникалық картинаға байланысты анықталады
Ақтөбе медицина институтының түлегі, профессор, Сеченов атындағы Мәскеу мемлекеттік медицина университетінде дәрігер-инфекционист болып жұмыс істейтін Карина Үмбетованың айтуынша, вирус өкпеге түскен кезде, оны тестпен анықтау мүмкін емес, деп жазады "Диапазон-ға» сілтеме жасаған Ақжайық сайты.
«Ақтөбе тұрғындары тест COVID анықтай алмаған соң, пневмонияның жұмбақ түріне шалдықтық деп ойлайды. Олай емес. Пневмония кезінде коронавирус тестен көрінбейді, ол ауыдың жұтқыншағынан өтіп, адамның өкпесіне түседі, ал, бұндай жағдайда қан талдау тіпті толық ақпарат бере алмайды. Бізде (Ресейде - агенттік) диагнозды адамның клиникалық жағдайына қарап қояды, ал, ақтөбеліктерде сондай клиникалық картина бар», - деген профессор.
Оның Ақтөбеде тұратын туыстары ауырған, бірақ, неге ауруханада орын, қарапайым дәрі-дәрмек, ең бастысы, адамның жанына араша болатын кислород жоқ екені Карина Үмбетованы қатты таң қалдырған.
«Ақтөбе Мәскеуден бұрын карантинге жабылды, бірақ, өңір басшылығы пандемияға дұрыс дайындалмаған екен. Кислород әрбір төсектің жанында тұруы керек, дәрі-дәрмек жеткілікті болуы керек. Қазір дәрігерлер сонау соғыс кезіндегідей жұмыс істеп жатыр. Мәскеулік дәрігерлерге адамдар тамақ апарып беріп, қолдау көрсетіп жатыр», - деді ол.