«Өкінемін»: Рудный тұрғыны онлайн соттан кейін судьяны балағаттап жіберген

Автор: Бақыт Шынар

Осы үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалған

Фото: istockphoto.com

Рудный қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты судьяны құрметтеген адамға қатысты істі қарап, шешім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сот анықтағандай, Рудный қалалық сотында WhatsApp мессенджері арқылы мүлікті бөлу туралы азаматтық іс қаралған. Судьяның шешімін естіген осы азамат судьяны балағаттап жіберген. Бұны сот сущьяға құрмет танытпау деп бағалаған. Сондықтан, балағат сөз айтқан адамға қатысты жаңа іс қозғалған», - деп хабарлайды Рудный соты.

Екінші сот отырысында судьяны балағаттаған адам кінәсін мойындап, өкініш білдірген. Судьядан өзін қатаң жазаламауды сұраған.

«Жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушының жеке басын, оның бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмағанын, кінәсін мойындап, жеңілдететін мән-жайлардың бар екенін ескере отырып, сот оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.