Баласын түнде далаға жіберген 107 мың заңды өкіл де жауапкершілікке тартылған
Биыл Қазақстанда Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар шамамен 4 мың отырыс өткізіп, 7 мыңнан астам істі қараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, осы отырыстардың қорытындысы бойынша комиссия 22 мыңға жуық ата-ананы және балалардың 107 мың заңды өкілін жазалаған.
«Құқық қорғау органдары жүргізген ведомствоаралық рейдтердің нәтижесінде балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған 21,8 мыңнан астам ата-ана, түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 107 мыңнан астам заңды өкіл, сондай-ақ ойын-сауық орындарына балаларды кіргізген 2 мыңға жуық кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
Қазір еліміз бойынша балалар мәселесін қарайтын 271 комиссия жұмыс істейді.