2022 жылы жүк тиеген 12 вагон рельстен шығып кеткен
Жамбыл облысында сот жергілікті компанияның пайдасына шешім шығарды. Енді шетелдік зауыт компанияға 60 миллион теңгеден астам өтемақы және 1,8 миллион теңге сот шығынын төлеуге міндетті.
Оқиға 2022 жылы «Науалы» станциясында болған. Рельстен шығып кеткен 12 жүк вагонының төртеуі жергілікті компанияға тиесілі екені анықталған.
Тергеу нәтижесінде шетелдік зауыт жасаған вагон бөлшектерінің сынуы апатқа себеп болғаны белгілі болады. Зауыт бөлшектерді сапасыз жасаған, вагондар қатты зақымданып, жөндеуге келмейтін күйге түскен.
Компания өз есебінен басқа мекемелерге келген залалды өтеген. Кейін осы ақшаны қайтарып алу үшін кінәлі өндірушіні сотқа берген. Сот өндірушінің кінәсін растап, апат пен бөлшектегі ақау арасында байланыс бар екенін растады Енді шетелдік зауыт Жамбыл облысындағы компанияның шығынын өтеп бермек.