Бұл көліктер енді айыппұл арқалауы мүмкін
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ақылы трассаларда жылдамдықты асырған көліктердің деректерін Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына жібере бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Енді трассалардағы бұл мәліметтер ресми тіркеліп, айыппұл салынады.
Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, трассаларда жылдамдықты асырған көліктерді аркалардағы автоматты бақылау құралдары тіркейді де тікелей Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай орталағына жібереді.
Естеріңізге сала кетейік, мына трассаларда бақылау камералары бар:
«Көкшетау – Петропавл» автомобиль жолы:
«Алматы - Қорғас» автомобиль жолы:
«Жүргізушілер үшін маңызды ақпарат: жүйе көлік құралының нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен автоматты түрде салыстырады. Жылдамдықты асыру туралы мәліметтерді ӘІБТ ПО жүйесіне жібереміз, сол жерде әкімшілік материалдар жазылады», - деп хабарлайды компания.
Сондықтан, «ҚазАвтоЖол» компаниясы жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, соның ішінде жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырып отыр.