Шымкент ауруханаларында орын жетіспей жатыр: науқастар сыртта сағаттап күтуге мәжбүр

Автор: Azattyq Rýhy

Тіпті, мегаполистегі жаңадан ашылған су жаңа жұқпалы аурулар орталығында да бос орын қалмапты

Фото: ашық дереккөзден

Шымкентте сырқаттанғандардың көптігі сонша, ауруханаларда орын жетіспей жатыр. Тіпті, мегаполистегі жаңадан ашылған су жаңа жұқпалы аурулар орталығында да бос орын қалмапты. Салдарынан науқастар жедел жәрдем көліктерінің ішінде сағаттап күтуге мәжбүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жуырда ғана іске қосылған орталықтағылар мұнда орын жоғын айтып ақталуда. Алайда жаны қысылған науқастардың туыстары бұған сенгісі жоқ.

Ал жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігерлері жағдайды аурудың бір өршіп, бір түсуімен байланыстырды

«Орын болмағанның есебінен біз ішке жібере алмай жатырмыз науқастарды. Ол модульный госпитальда барлығы есептелген Коронавируспен таңертеңгі біздің информация бойынша -109 науқас жатыр. Қалғандарының бәрі ЖРВИ, пневманиямен жатыр қазір. Реанимация бөлімшесінде 19 науқас жатыр», - дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев.