Қазақстанда бүлдіршіндерді балабақшадан бастап жұмысқа салатын бағдарлама басталды

Автор: Бақыт Шынар

Оқу-ағарту министрлігі ілкі жоба бастады

Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы 100 балабақшада «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» атты ілкі жоба басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сүйенсек, әуелі жобаға 100 балабақша қатысады. Оның 62-сі мемлекеттік, қалғандары жекеменшік балабақша. Жобаға 4-5 жас арасындағы балалар қатысады.

«Жобаның мақсаты – балаларды еңбекке баулу, олардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік және табандылық сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды бағыттарының бірі — еңбек пен түрлі мамандық иелеріне құрметпен қарауды үйрету», - деп хабарлайды министрлік.

Бағдарламадағы іс-әрекеттер балалардың жас ерекшеліктеріне, неге қызығатындарына қарай дайындалған.

«Балалар күнделікті ойын түрінде және тәжірибе ретінде түрлі кәсіп түрлерімен танысады, қарапайым еңбек дағдыларын меңгереді», - деп хабарлайды министрлік.