$ 538.13  624.88  6.64
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.10.2025, 09:22
Қоғам

Жыл басынан бері бес миллион адамға жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлеген

Аударым көлемі 596 млрд теңге

Жыл басынан бері бес миллион адамға жұмыс беруші зейнетақы жарнасын төлеген
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмыс берушілер 5,3 миллион жұмыскердің пайдасына жалпы сомасы 596 миллиард теңге көлемінде міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) аударған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Бұл жүйе 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап енген болатын. Енгізілген тәртіпке сай, жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін зейнетақы қорына өз қаражаты есебінен жарна төлейді. 2024 жылы жарна мөлшерлемесі 1,5% болса, 2025 жылы ол 2,5%-ға дейін өсті. 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 5%-ға дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.

ЖМЗЖ енгізу қазақстандықтардың зейнетақысын арттыруға бағытталған. Бұл жүйе арқылы жұмысшылар қартайған шағында қосымша жинақтаушы төлем алуға мүмкіндік алады. Енді зейнетақы үш бөліктен тұрады:

  • Мемлекеттік базалық зейнетақы,
  • Қызметкердің өз аударымдары есебінен қалыптасатын жинақтаушы бөлік,
  • Жұмыс берушілер төлейтін шартты-жинақтаушы бөлік.

Айта кету керек, жұмыс берушілердің бұл жарнаны төлеу міндеті 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін туған азаматтарға ғана қатысты.

Сондай-ақ, ҚР Салық кодексіне сәйкес, жұмыс берушілердің зейнетақы жарналарын төлеу шығыстары салық салынатын табыстан шегеріледі, бұл өз кезегінде бизнеске түсетін қаржылық жүктемені жеңілдетеді.

Серіктес жаңалықтары