Астана халқы «полицеймін» деген алаяққа 1 млн теңгесін бере салған

Автор: Бақыт Шынар

Алданған халық жүргізуші куәлігін алғысы келген

Фото: istockphoto.com

Астана қаласында өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдаған қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ер адам жүргізуші куәлігін жасап, көліктерді қайта рәсімдеуге күшім жетеді деп халықтан 1 млн теңге жинап алған. Алданғанын түсінген адамдар полицияға арыз жазып, алаяқты ұстатып жіберген.  

«Кінәсін мойындап, залалды өтегенін ескерген сот оны 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті. Сотталушы пробациялық бақылауда болады», - деп хабарлайды Астана соттары.