Сот зейнеткердің жасы мен мүгедектігін ескеріп, оған жеңілдік жасаған
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жол ережесін бұзған зейнеткерге қатысты істі қарап, оған жеңілдік танытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Дереккөзге сүйенсек, ереже бұзған ер адам ІI топтағы мүгедектігі бар зейнеткер болған. Ол жолда белгіні байқамай қалып, әкімшілік айыппұл арқалаған.
«Сот отырысында зейнеткер кінәсін мойындап, белгілі көрмегендіктен заң бұзып алғанын айтты. Бұған дейін ереже бұзбаған. Оның зейнеткер екенін әрі ІI топтағы мүгедектігі барын ескерген сот оның айыппұл 30 пайыз азайтып берді», - деп хабарлайды сот.
Соттың баспасөз қызметі бұл әрекет – құқық бұзушылыққа көз жұму емес, өмірлік жағдайды ескерген адамгершілік тұрғыдағы шешім болды дейді.