Олар дүкенге кірерде немесе шығарда тексеруді талап етсе, адам бас тарта алады
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға сай, күзетшілер супермаркетке кірген-шыққан адамдардың сөмкесін полициясыз тексере алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сауда және интеграциялар министрлігінің Тұтынушы құқығы жөніндегі комитеті күзетшілер қандай жағдайда адамға сөмкесін сақтау камерасына қой деуге немесе сөмкеңізді ашып, тексеруге құқығы жоқ.
«Біріншіден, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (24-бап) азаматтың тауарлар мен қызметтерге еркін және қауіпсіз қол жеткізу құқығын бекітеді. Бұл сатып алушы сауда залына жеке заттарымен, яғни сөмкемен, рюкзакпен еркін кіре алатынын білдіреді. Заңның ешқандай нормасы оларды сақтау камерасына тапсыруға міндеттемейді. Егер күзетші сізге мұны ұсынса, өз еркіңізбен келіскен жағдайда ғана заң шеңберінде әрекет етеді», - деп хабарлайды министрлік.
Дереккөзге сүйенсек, сіз сөмкеңізбен өз заттарыңызды алып кіргіңіз келсе, оған ешбір заң тыйым сала алмайды.
«Көбіне шығарда күзетші сөмкені ашып көрсетуді сұрайды. Алайда бұл талап емес, сыпайы өтініш қана және сіз бас тартуға толық құқығыңыз бар. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес, 16-бапқа сай, күзетші адамды заң бұзса және тек полиция келгенде ғана тексере алады. Күзетші сізді ұстап алуға да, тексеруге де құқылы емес. Күзетші полицияға қоңырау шалып, оның келуін күтуі керек», - деп хабарлайды министрлік.
Дегенмен, министрлік жазып отырғандай, «Күзет қызметі туралы» заңға сай, күзетшілер қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және мүлікті қорғайды, бірақ бұл ретте азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға құқығы жоқ.
«Бұл олардың жеке тексеру жүргізуге, тінтуге, заңды негізсіз күш қолдануға немесе қозғалыс еркіндігін шектеуге құқығы жоқ екенін білдіреді. Күзетшілер күш қолданса, олар қылмыстық жауапкершілік арқалауы мүмкін», - деп хабарлайды министрлік.