Баспана құнының лимиті ұлғайған
Ұлттық банк «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасына өзгерістер енгізді. Дәлірек айтқанда, сатып алуға болатын баспананың ең жоғары құны көтерілген, сонымен ұатар төлем қабілетін растау үшін гарант тартуға мүмкіндік беріліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тиісті қаулыға өзгерістер 2025 жылғы 26 қыркүйекте енгізілген. Оған сәйкес:
Бұған қоса қарыз алушыларға төлем қабілетін растау үшін қосалқы қарыз алушыны ғана емес, кепілгерді де (гарант) тартуға мүмкіндік беріледі.
Сонымен қатар, енді ипотекаға өтінім берген қарыз алушының тұрақты табысына баса назар аударылады.
Ұлттық банк бұл нормалар баспана мен ипотекалық қарыздарды қолжетімді етеді деп сенеді.
Ипотекалық бағдарламаның басқа талаптары өзгеріссіз қалып отыр. Яғни бастапқы жарна – 20%, несие мөлшерлемесі – жылдық 7% және несиелеу мерзімі – 25 жылға дейін. Ипотека жұмыс істейтін азаматтарға беріледі.
2025 жылғы 2 қазандағы дерек бойынша бағдарлама аясында 1 149,7 млрд теңгеге 81 886 жеңілдетілген қарыз берілген.
Осы өзгерістер қаулы қабылданған күннен бастап күшіне енеді деп атап өтті Ұлттық банк.