Тірі адамнан тірі адамға болсын, өлген адамнан тірі адамға болсын ағза ауыстыруға болады – Мүфтият

Автор: Бақыт Шынар

Мүфтият бірнеше жыл бұрын пәтуа шығарған екен

Фото: ОКҚ

Шариғат тірі адамның өмірін сақтау үшін қайтыс болған адамның ағзаларын алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, Мүфтият бірнеше жыл бұрын осы мәселеге қатысты пәтуа шығарған.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы ғұламалар кеңесі бірнеше жыл бұрын ағза ауыстыру үкіміне қатысты пәтуа шығарған. Бұл ресми діни құжат болып есептеледі. Бұл пәтуада әлемнің белгілі пәтуа беретін мекемелері мен әлемнің үлкен ғалымдарының тәжірибелері ескерілді. Оған сәйкес өзіндік шарттармен тірі адамнан тірі адамға болсын, қайтыс болғаннан тірі адамға болсын, ағза ауыстыруға болады», — деді ол.

ОКҚ мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтар тірі кезінде электронды үкімет арқылы донор болуға келісім бере алады. Биыл Биыл 10 мың адам қайтыс болғаннан кейін ағза доноры болуға келісімін берген екен.