Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Бектенов мәлім етті
Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында 2026 жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы қосымша медициналық көмек алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Біздің басты мақсатымыз – ашық, әділетті және ең бастысы, әрбір азамат үшін қолжетімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру. 2026 жылдан бастап тұрмысы төмен азаматтар жергілікті бюджеттер есебінен медициналық сақтандыру жүйесімен қосымша қамтылады. Осындай ауқымды өзгерістерді бірлесіп жүзеге асыруға күш жұмылдыру қажет», — деді Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов бұны денсаулық сақтау министрлігіне, еңбек министрлігіне және өңір әкімдеріне тапсырды.