Экс-күйеуі шетелге көшіп кеткеннен кейін әйел осы үйді отыз жыл бойы күтіп ұстаған
Алматы облысының соты Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімін жоққа шығарып, 32 жыл бұрын ажырасқан әйелдің құқығын қорғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сот материалдарына сүйенсек, әйел 1993 жылы ажырасқан, қолында екі жас баласы қалған. Ажырасқаннан кейін оның бұрынғы күйеуі шетелге көшіп кеткен, онда ол жаңа отбасын құрған және бұрынғы отбасының өміріне араласпайды.
«1996 жылдан бері әйел бұрынғы күйеуінің атына тіркелген үйде тұрған. Осы жылдар бойы ол үйдің салығы мен коммуналдық шығынын төлеп келген, мүлікті күтіп-баптап ұстап, оны тоздырмаған. Иелену мерзімі өткен соң меншікті өз атына түсіргісі келген. Алайда Еңбекшіқазақ аудандық соты оның талабын қанағаттандырмаған», - деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.
Бұған келіспеген әйел Еңбекшіқазақ сотына қатысты Алматы облыстық сотына жүгінген.
«Алматы облысының соты істі қарай келе үй шынымен де 30 жылдан астам уақыт бойы әйел мен балаларының жалғыз баспанасы болған, осы жылдар бойы әйел мүлікті адал иеленгенін, бұрынғы ерлі-зайыптылар ауызша келісімге келіп, үй әйелде қалатынын, ал әйел алименттен бас тартатын болған. Оның үстіне, бұрынғы күйеуі бұрынғы әйелінің меншік құқығын тануға қарсы емес болған. Осылайша, Алматы облысының соты үйді әйелдің меншігі етті», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.