Шымкент түрмесіндегі 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Әзірге 185 адамның арызы қаралған

Фото: istockphoto.com

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шымкент прокуратурасының мәліметіне сүйенсек, қаланың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты осы уақытқа дейін 185 адамға қатысты ұсынысты қарап үлгерген екен.

«Олардың ішінде 88 адам жазадан толық босады, 97 адамның жазасы қысқарды», - деп хабарлайды прокуратура.

Жалпы, Қазақстанда сотталған 15 мың адам рақымшылыққа іліне алады.