Дуров Қазақстан ең сүйікті елдерінің бірі екенін атап өтті
Telegram негізін қалаушы Павел Дуров Астанадағы Digital Bridge 2025 халықаралық технологиялық форумында Қазақстанға әйел іздеп емес, жасанды интеллект туралы сөйлесу үшін келгенін айтып әзілдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мен сүйікті елдерімнің бірі – Қазақстанға оралғаныма өте қуаныштымын. Бұл шынымен де бірегей жер. Мұнда білім, отбасылық құндылықтар және технологиялар көрініс тапқан. Маған көптеген озық ойлы, табысты адамдар Қазақстанға өздеріне жар табу үшін баратынын айтады. Өкінішке қарай, мен мұндай мақсатпен келген жоқпын. Мен мұнда жасанды интеллект туралы сөйлесуге келдім», – деп қалжыңдады Павел Дуров форумның пленарлық отырысында.
Бұған дейін Telegram Астанадағы Alem.Ai. жасанды интеллект орталығында ЖИ-зертханасын ашатынын жазған едік.