«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі бірқатар ұсынысын айтты
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Никита Шаталов ҚР Премьер-Министріне жолдаған депутаттық сауалында 2026 жылдан бастап енгізілетін 16% ҚҚС нормасы отандық фармацевтикалық өндірістің дамуына кедергі болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Депутаттың айтуынша, субстанция мен шикізатты импорттау кезінде төленетін бұл салық өндірушілер үшін тікелей шығынға айналады. Себебі ТМККК және ОСМС шеңберінде өткізілетін дәрі-дәрмектерге нөлдік ҚҚС қолданылады, ал коммерциялық сегментте 16%-дың тек 5%-ы ғана есепке алынады. Қалған бөлігі дайын өнімнің бағасына қосылып, отандық өндірушілерді импортпен бәсекелестікке қабілетсіз етеді.
Шаталовтың пікірінше, бұл жағдай дәрі-дәрмектердің қымбаттауына, халық үшін қолжетімділіктің төмендеуіне, әсіресе әлеуметтік әлсіз топтарға ауыр салмақ түсіруіне әкеледі. «Бұл – елдің дәрілік қауіпсіздігіне төнген қатер», – деді депутат.
Ол Үкіметке екі ұсыныс жасады:
Депутат бұл бастама тек бизнесті қолдау емес, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен әлеуметтік тұрақтылығы үшін маңызды екенін атап өтті.