Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлайды
Қазақстанда 314 мың бала үйірмеге бару үшін тегін ваучер алған. Ілкі жоба Астана, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда және Шымкент қалаларында басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасай отырып.
«Бүгінгі күні 300 мыңнан астам бала қосымша білімге ваучер алды. Ата-аналар өз балалары үшін үйірмелер мен секцияларға өздері таңдайды. Қажет болған жағдайда олар құжаттарды қайта тапсырмай-ақ, үйірмені өзгерте алады. Бұл ретте ваучер сақталады», – деп атап өтті Тәрбие және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы Алтай Рахимберлин.
Қаржыландыру «бір балаға – бір ваучер» қағидаты бойынша беріледі.