Биыл неше қазақстандық шетелге жұмысқа кеткен

Автор: Бақыт Шынар

Көші-қон комитеті жарты жылдың қорытындысын ұсынды

Фото: istockphoto.com

2025 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның 126 531 азаматы шетелге жұмыс істеуге кеткен. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің басшысы Әсет Шонов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, шенеуніктер көші-қон мәселесін министрліктің аппарат жиналысында талқылаған.

126 531 адамның ішінде 102 460 адам Ресейде, 15 790 адам Оңтүстік Кореяда, 2997 адам – БАӘ-де, 1912 адам Британияда жұмыс істеп жүр.