Қызылорда облысында 70 мың халық табиғи газға тартылды

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады

Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Қызылорда облысындағы Қайыркелді кен орнында жаңа газ жобасы іске қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Энергетика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы кезеңде жылына шамамен 8 млн м³ газ өндірілмек. Кейін бұл көрсеткіш 24 млн м³-ке дейін артады деп жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 70 мыңға жуық тұрғын табиғи газға тартылады.

Жоба Энергетика министрлігі, «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазгермұнай» БК ЖШС арасындағы жүйелі ынтымақтастықтық арқасында мүмкін болған.