Берешегі барлар үшін борыш жүктемесі коэффициенті төмендейді
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылық кредиттердің санын шектеу үшін талаптарды қатаңдатпақ. Яғни банк несиесін отыз күнге, ал микрокредит төлемін бір күнге кешіктірген азаматтарға кепілсіз тұтынушылық кредит беруге шектеу қойылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік тиісті қаулы жобасын әзірлеген. Құжат тұтынушылық кредиттердің өсу қарқынын шектеуге және азаматтардың шамадан тыс борыш жүктемесін болдырмауға бағытталған.
«Жобада соңғы 12 айда 90 күннен аса кешіктірілген қарызы бар қарыз алушылар үшін борыш жүктемесінің коэффициентін (БЖК) 0,5-тен 0,25-ке дейін төмендету көзделіп отыр. Бұл осы қарыз алушылардың артық міндеттемелер алу мүмкіндігін шектеуге және дефолт ықтималдығын азайтуға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
Яғни бұрын несие рәсімдегенде ай сайынғы төлем қарыз алушының табысының 50 пайызынан аспауға тиіс болса, енді бұл көрсеткіш 0,25 пайызға дейін түсіп отыр.
Сонымен қатар мына талаптардың бірі болған кезде кепілсіз тұтынушылық несие беруге шектеу енгізіледі: