Елімізде судья болғысы келген 87 адамның тек бесеуі ғана бірінші сынақтан өткен

Автор: Бақыт Шынар

Тест екі күнге жалғасқан

Фото: istockphoto.com

22–24 қыркүйек аралығында судья лауазымына үміткерлерге арналған біліктілік емтиханы аясында компьютерлік тестілеу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жоғарғы сот кеңесінің ақпаратына сүйенсек, 87 үміткердің ішінен бесеуі ғана сынақтан өте алған екен. 

«Мұндай нәтиже талаптың күшеюімен байланысты. Тестілеуден өткен үміткерлер келесі кезеңде эссе жазып, кейстік тапсырмаларды шешіп, психологиялық тест тапсырады», - деп хабарлаған Жоғарғы сот кеңесі.

2025 жылдың басынан бастап тестің саны артқан. Үміткерлер үшін мүмкіндіктер көбейгенімен, талаптар да күшейтілді.