$ 541.34  640.73  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:25
Қоғам

Енді Қазақстанда борышы бар адамдарды көшедегі камералар түсіріп алады

Сондай-ақ, халыққа қызмет көрсету орталығына барған осындай тұлғалар да бірден анықталады

Енді Қазақстанда борышы бар адамдарды көшедегі камералар түсіріп алады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда борышы бар азаматтарды көше мен қоғамдық орындағы, әуежай, теміржол вокзалдары мен метро станцияларындағы, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы камералар түсіріп алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Дереккөзге сүйенсек, бұл жобаны Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушылардың республикалық палатасы мен Бас прокуратура бірге бастаған.

«Әділет министрлігі, Жеке сот орындаушыларының Республикалық палатасы және Бас Прокуратура бірлесіп борышкерлерді анықтаудың тетіктерін дамыту бойынша «Цифрлық бақылау» жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтті. Енді Бас прокуратураның «Цифрлық бақылау» жүйесі арқылы қарызын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды тек қала көшелері мен қоғамдық орындарда ғана емес, сондай-ақ әуежайлар, теміржол және метро нысандары, әлеуметтік маңызы бар ғимараттардың камералары түсіріп алады», - деп хабарлаған Әділет министрлігі.

Бұдан өзге Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, мемлекеттік қызметтерге жүгінген, сондай-ақ әуе немесе теміржол билеттерін кассадан сатып алған борышкерлердің де бет-бейнесі танылатын база пайда болды.

«Мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қаңтар айынан іздеуде жүрген борышкерлер саны 4560 адам болған. Оның ішінде 2118 тұлғаның тұрғылықты мекенжайлары анықталып, жалпы анықтау көрсеткіші 39,3% болды», - деп хабарлайды Әділет министрлігі.

Серіктес жаңалықтары