Қазақстан Ауғанстанға 2 мың тонна ұн, басқа да азық-түлік жөнелтті

Автор: Azattyq Rýhy

Ресми өкілдер ауған халқына гуманитарлық көмекті тапсырды

Қазақстаннан жеткен гуманитарлық көмек Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсырылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хабарламасы.

 «Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкалары кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді»,- делінген хабарламада.

Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның АИР-дағы елшілігінің өкілдері қатысты. Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.