«AMANAT» фракциясы бүгін Мәжілісте деректерді басқару мәселесін көтерді
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Екатерина Смышляева мемлекеттік басқаруда және Қазақстан экономикасының негізгі салаларында деректермен жұмыс істеу тәсілін түбегейлі қайта құру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екатерина Смышляеваның сөзінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында цифрлық экономиканы дамыту мен жасанды интеллектіні енгізуді мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы ретінде атап өткен. Бұл жағдайда үлкен деректер стратегиялық ресурсқа айналуы тиіс.
«Алайда қазіргі талдау мемлекеттік органдардың қажетті деректердің небәрі 50 пайыздан сәл астамын ғана цифрландырғанын көрсетті. Салалар арасында айырмашылық айқын: қаржы мен әділет салаларында көрсеткіш 90%-дан жоғары, ал ауыл шаруашылығы, сауда, энергетика, экология және білім беру салаларында 30–40% деңгейінде қалып отыр. Деректердің сапасыздығына, қайталануына және ведомстволардың ақпаратты бөліспеуіне байланысты «деректер феодализмі» орын алған. Азаматтар мен бизнес бірнеше рет бір деректі қайта ұсынуға мәжбүр болса, қағаз құжаттар әлі де бар», - деді Смышляева.
Депутаттар Үкіметке мынадай ұсыныстарын жеткізді:
Депутат «AMANAT» фракциясы аталған шараларға құқықтық қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.