Қазақстанда 3,7 мыңнан астам жұмысшы жалақысын ала алмай жүрген

Автор: Бақыт Шынар

Іске прокуратура араласып, мекемелер жалақы берешегін өтеп берді

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанның еңбек инспекторлар 257 кәсіпорынды тексере келе, оларда жұмыс істейтін 3,7 мыңнан астам адам ұзақ уақыт бойы жалақысын ала алмағанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы қарызы 1,4 млрд теңгеден асып кеткен.

«Қабылданған шаралардың арқасында 3 437 мың жұмысшыға жалақы төленген. Еңбек инспекторлары мекеме басшыларына жалақыға қатысты қатаң кесте әзірлеп берген», - деп хабарлайды Еңбек министрлігі.