Жалағаштағы елді-мекен ресми түрде «ішімдік ішпейтін ауыл» мәртебесін алды

Автор: Бақыт Шынар

Таң ауылындағы жақсы өзгеріс туралы облыс прокуратурасы хабарлап отыр

Фото: freepik.com

Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы Таң ауылы ресми түрде ішімдік сатпайтын ауыл мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, Таң ауылында ішімдік сатуды тоқтатуға аудандық прокуратура мен жергілікті халық бастамашы болған.

«Бұл бастама аясында ауыл кәсіпкерлері өз еріктерімен алкоголь сататын лицензияларынан бас тартты», - деп хабарлайды Қызылорда облысының прокуратурасы.

Прокуратура ұйымдастырған кездесулерде кәсіпкерлер мен ауыл ақсақалдары бастаманы бір ауыздан қолдап, ауыл ресми түрде жаңа статус алған.