Ол үкіметке екі құзырлы органмен бірлесіп, іс-шара қабылдау керегін жеткізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы мәселесіне қатысты өзгерістер керек екенін айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Демография мен еңбек нарығындағы тенденция зейнетақы жүйесіне де өзгерістер енгізуді талап етіп отыр. Өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар арасында зейнетақы жинақтарының төмен екені байқалып отыр. Үкімет Ұлттық банкпен, сондай-ақ Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ уақыт бойы теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын ойластыруы керек», - деді ол.