$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2025, 12:16
Қоғам

Тоқаев Жолдауда «балалар мен немерелердің» болашақ тағдыры туралы сөз етті

Ол Каспий теңізінің таңдыры қиындап бара жатқанын айтты

Тоқаев Жолдауда «балалар мен немерелердің» болашақ тағдыры туралы сөз етті
Фото: gov.kz

Бүгін «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбында Жолдауын жариялап жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің мәселесін қозғады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Каспий теңізінің тартылып бара жатқаны – жұртты алаңдатып отыр. Тиісті шара қолданбасақа, бұл аса үлкен экологиялық апатқа айналуы мүмкін. Сол себепті мен жақында Қытайда өткен Шанхай Ынтымақтастық ұйымының кеңейтілген отырысында осы маңызды мәселеге арнайы тоқталдым. Ұйым аясында Су мәселелері жөніндегі орталық құру туралы ұсыныс айттым. Каспий теңізі бір елдің ғана емес, бүкіл аймақтың тағдырына қатысы бар мәселе. Сондықтан, жұмылып әрекет ету керек. Үкімет Каспийдің су ресурстарын сақтау туралы мемлекетаралық бағдарлама әзірлеуді қолға алу керек. Оны себептес мемлекеттермен келісу қажет. Бүгін біз су мәселесі бойынша дұрыс әрі орынды шешім тапсақ, ертең соның игілігін кейінгі ұрпақ көреді. Балаларымыз бен немерелеріміздің тағдыры біздің әрекетімізге тікелей байланысты болмақ», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары