$ 535.13  627.44  6.52
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кейбір қылмыстардың алдын алатын интеллектуалды жүйе құру қажет – президент

Қазақстанда онлайн алаяқтыққа қарсы биометриялық жүйе енген

Кейбір қылмыстардың алдын алатын интеллектуалды жүйе құру қажет – президент
Фото: скрин

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында банк саласын жаппай цифрландырудың пайдасымен қатар оның қауіп-қатеріне де тоқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Соңғы жылдары онлайн алаяқтық мемлекеттің және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігіне үлкен нұқсан келтіріп жатыр. Сол үшін қауіппен күресу үшін Антифрод орталығы құрылды. Биометриялық анықтау жүйесі енгізілді. Банктердің, микроқаржы ұйымдары, байланыс операторларының жауапкершілігі күшейтілді», - деді мемлекет басшысы.

Президент бұл мәселеге үнемі жіті назар аудару қажеттігін атап өтті. Құзырлы органдар жұмысын үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Кейбір қылмыстардың алдын алатын барынша интеллектуалды жүйе құру қажет. Қажет болған жағдайда тиісті заңға және құқық қорғау органдарының қызметіне өзгерістер енгізу ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары