Еңбекмин декреттік төлем алудың тәртібіне маңызды өзгеріс ұсынды
Енді босанатын әйелдер «артқы күнмен» ақша сала алмайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі декреттік демалысқа шығатын әйелдердің төлем алу тәртібіне бірнеше жаңа ереже енгізбек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заң жобасына сай, енді жүктілікке байланысты демалысқа шығатын әйелдер неше жерде жұмыс істесе де, олардың төлемі 7 ең төменгі жалақы деңгейімен ғана есептеледі. Қазір ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Яғни, әйел адам неше теңге жалақы алса да оның декреттік төлемі 595 мың теңге (7*85 мың) жалақысымен ғана есептеледі.
«Бұдан өзге, енді декреттік төлем алуға үмітті әйелдердің әлеуметтік сақтандыру қорына декретке шыққаннан кейін салған ақшасы есептелмейді», - деп жазылған құжатта.
Сонымен қатар, ұсынылып отырған ережеге сай, декреттік демалысына байланысты төлем алған және баласы 1,5 жасқа толғанға дейін жәрдемақы алатын әйелдер жұмыссыз ретінде тіркеле алмайды.