Бүгін 6500-ден астам оқушы тест тапсырады
21 маусым мен 5 шілде күндері Қазақстанның барлық мектептерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Биыл тестілеу кезінде санитарлық талаптар күшейтіледі. Ғимаратқа кірерде тест тапсырушылар арасында екі метрлік арақашықтықты қатаң сақтау мен маскалы режим жүзеге асырылады. Талапкерлер дезинфекциялаудың 5 түрлі кезеңінен өтеді. ҰБТ өткізілетін барлық орындар тепловизормен, дезинфекциялық тоннельмен, аяқ киімді зарарсыздандыруға арналған кілемшемен, медициналық бекетпен, санитайзермен және қорғаныс маскаларымен қамтамасыз етіледі.
Биылғы тестілеуге қатысуға 131 755 өтініш қабылданған. Алғашқы күні ҰБТ-ны 6 512 мың адам тапсырады. Бір аудиторияда орта есеппен 18 адам болады. Осылайша, аудитория тек 35% дейін толтырылады. ҰБТ тапсыру үшін түлектерден ПТР-тестілеуден өткені туралы еш анықтама талап етілмейді. Талапкерлер тек маска тағып келуі тиіс. Сонымен бірге, ҰБТ өткізетін әр пунктте кезекші аудитория болады. Коронавирус инфекциясын жұқтырған балалар сол кабинетте, жалпы аудиториядан бөлек тест тапсыра алады.
Айта кету керек, ата-аналар мен түлектердің сұрауымен тестілеу уақыты тағы 10 минутқа ұзарып, ҰБТ 4 сағат өтетін болды.